Фото

Философияға толы портреттер: байқау жеңімпаздары анықталды - фото

Sputnik

Адамның жеке портретін сан қырынан танытатын International Portrait Photographer of the Year 2021 айқауына әлемнің барлық еліндегі фотографтар қатысты. Конкурстың қазылар алқасы портрет суреттердің үздік авторларын анықтады.

Байқауға кәсіби де, әуесқой да фотографтар қатысты. Конкурс шарты бойынша суреттер 2019 жылдың 1 қаңтарынан кейін түсірілген болуы керек.

International Portrait Photographer of the Year 2021 – бұл филосифиялық ойды жеткізуге арналған, адамдардың сырт бейнесі мен сұлулығынан бұрын, сюжеттің мәні мен астары маңызды болатын конкурс. Сондықтан байқауға ұсынылған суреттердің қай-қайсысын да картина деп бағалап, өнер туындысына жатқызуға болады.

Австралиядан қатысқан фотограф Форгу Явари конкурс жеңімпазы атанды. "Портрет тарихы" номинациясы бойынша оның екі суреті үздік деп танылды және "Мінез" номинациясында да екінші орынды иеленді.

Басқа да фоторгафтардың сезім мен ойға толы суреттерін топтамадан тамашалаңыз.

1 / 19
Таиландағы каро тайпасындағы бір отбасы. Фотограф Джатенипату Кетпрадиту суретті "Өзен адамдары" деп атады. Бұл фото "Отбасылық портрет" номинациясында екінші орынды иеленді
2 / 19
Австралиялық фотограф Форгу Яваридің "Жалғыздық" атты суреті. Ол конкурстың жалпы есебінде де, "Портрет тарихы" номинациясында да жеңіске жетті
3 / 19
"Жастық фонтаны" – австралиялық фотограф Адриан Донахью суретке осындай атау берді. Бұл туынды үздіктердің қатарына еніп, конкурс финалына дейін жетті
4 / 19
Мундари тайпасындағы мал баққан жас жігіт. Суретті швейцариялық фотограф Йозеф Бюрги Оңтүстік Суданда түсіріп алған. Бұл жұмыс "Табиғи портет" номинациясында үздік атанды
5 / 19
Австралиялық фотограф Тод Кеннеди түсірген сурет "Өртенген дала өзені" деп аталады. Бұл сурет те конкурс финалына өткен жұмыстардың бірі
6 / 19
Фото "Портрет тарихы" номинациясында үшінші орынды иеленді. Австралиялық фотограф Нэнси Фламмидің суреті "Күте тұр, селфи түсіріп алайын" деп аталады
7 / 19
Фотограф Зай Яр Лин (Мьянма) бұл суретті "Тайпалық бірегейлік" деп атады. Ол "Отбасылық портрет" номинациясында бірінші орынды алды
8 / 19
Австралиялық фотограф Карена Уоллердің "Мысық пен веранда" деп аталатын бұл жұмысы "Табиғи портрет" номинациясында екінші орынды иеленді
9 / 19
"Шибари тоғаны" - француз фотографы Шарлотт Борис өз туындысына осындай атау берді. Бұл сурет те конкурс финалистерінің бірі. Шибари (сибари) — арқан жіптің көмегімен адам денесінің қимылын шектейтін жапон дәстүрінің түрі
10 / 19
Біріккен Араб Әмірліктерінен қатысқан фотограф Пауль-Влад Эпур конкурсқа "Шакул" деп аталатын еңбегін ұсынды. Әсерлі сурет байқаудағы үздіктер қатарынан орын алды
11 / 19
Америка фотографы Джон Пауэрстың "Тыныштық" атты жұмысы да конкурс финалистерінің бірі
12 / 19
Австралия фотографы Форгу Яваридің бұл суреті "Қайғы жалғыздығы" деп аталады. Ол "Портрет тарихы" номинациясындағы бірінші орынды автордың қанжығасына байлады
13 / 19
"Алтын талшық адамы"- конкурсқа Бангладештен қатысқан фотограф Азим Хан Роннидің суреті осылай аталады. Кендір талшық өндірісінде жұмыс істейтін ер адамның портреті авторға "Табиғи портрет" номинациясы бойынша үшінші орынды сыйлады
14 / 19
"Ғажап әйел" атты бұл жұмыс итальян фотографы Чезаре ди Либорионың қолынан шыққан дүние. Бұл еңбек те конкурстың финалына дейін жетті
15 / 19
"Үнсіз байланыс" - Австралия фотографы Ненси Фламми өз жұмысын осылай атады. Қазылар алқасы бұл суретті "Отбасылық портрет" номинациясында үшінші орынға лайық деп таныды

16 / 19
"Кебаб дайындайтын орын" атты үнді фотографы Дебдатт Чакработидің суреті "Табиғи портрет" номинациясы бойынша конкурс финалисті атанды
17 / 19
"Менің арманым бар" деп аталатын австралиялық фотограф әрі конкурс жеңімпазы Форгу Яваридің суреті "Мінез" номинациясы бойынша екінші орынды жеңіп алды
18 / 19
Фотограф Зай Яр Лин (Мьянма) "Отбасылық портрет" номинациясында бірінші орынды иеленді. Оның бұл жұмысы "Сури тайпасындағы бойжеткен" деп аталады
19 / 19
Австралия фотографы Брайан Касси конкурста үшінші орынды алды. Оның суреті "Бонн Мари" деп аталады