Фото

Жұрт ерекше ұнататын көк түстің түрлі көрінісі – фото

Sputnik

Көк раушан гүлдер туралы әдебиетте көп жазылған. Ол адам баласының қолы жетпейтін және ешқашан кездеспейтін ерекше құбылыс ретінде сипатталып келді.

Алайда 2004 жылы күлгін әрі көгілдір реңк беретін Blue Moon сұрыпты раушан гүлі өсірілді. Гүлдің бұл түрі Жапонияда гендік модификация нәтижесінде алынды. Алайда адам баласы он екінші ғасырдан бері раушан гүлін көк түске бояу технологиясын меңгерген.

Ғалымдар өсімдіктің бұл түсі эволюция нәтижесінде, яғни тиімді тозаңдану үшін өзгеріс қажет болған кезде көкке айналғанын айтады.

Аралардың көз жанары көк түсті тез көреді. Сондықтан олар осы түстегі гүлдерді бірінші тозаңдайды.

Мамандар өсімдіктердің онлайн-базасын ұзақ уақыт меңгеру нәтижесінде жел немесе жауынның көмегімен тозаңдалатын гүлдердің ешқайсысы көк түсті емес екенін анықтады. Сондай-ақ жануарлар әлемінде де көк пигмент түзе алатын бірде-бір ағза жоқ.

Әлемге әйгілі көк көбелек морфоның (Morpho) қанаттары іс жүзінде меланинге – қара пигментке боялған. Ал олардың көк реңк беруі жәндіктің қанаттарындағы қабыршақтың пішіні және көлбеу орналасуы нәтижесінде пайда болады.

Көк түстің табиғатта кездесетін түрлі көрінісін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

1 / 16
Жел немесе жаңбырмен тозаңданатын өсімдіктердің ешқайсысы көк түске ие емес. Ғалымдар оның пайда болуының эволюциялық себептері бар болжам жасады. Соған қарағанда мәселе аралардың көру қабілетінде болып отыр
2 / 16
Мамандар өсімдіктердің жаңа онлайн-базасын меңгеріп, көк және көгілдір түсті гүлдері бар өсімдіктердің тек жәндіктермен тозаңданатынын анықтады
3 / 16
Ауа райы суық ортада, мысалы, Гималайда көк гүлдер сирек кездеседі. Сондықтан тозаңдатушы жәндіктерге тартымды болу үшін өсімдіктер үлкен күш салуы керек болады
4 / 16
Ғалымдар көк немесе көгілдір түсті гүлдерді саябақ пен бақта көптеп отырғызуға кеңес беруде. Себебі бұл тозаңдатқыш жәндіктердің назарын аударып, жақсы өнім алуға көмектеседі
5 / 16
Табиғатта раушан гүлінің көк немесе көгілдір түсі жоқ. Себебі өсімдіктің ДНҚ-сында ол ген жоқ. Алайда он екінші ғасырдан бері адам баласы раушан гүлін көк түске бояу технологиясын игерген
6 / 16
Бүгінгі күні де көк түс елдің назарын аудара алатын реңк
7 / 16
Көк – көркемсурет пен дәстүрлі түс теориясындағы, сондай-ақ, RGB түс моделіндегі негізгі түстің бірі. Ол күлгін мен жасыл түстердің ортасында орналасқан
8 / 16
Өсімдіктердің осы түсті қиын түзеді. Ұзақ жылдар бойы ғалымдар көк түстің табиғатта сирек кездесуін осымен түсіндірді
9 / 16
Жануарлар әлемінде көк пигмент жинап, түзе алатын ағза жоқ. Әлемге әйгілі көк көбелек морфоның (Morpho) қанаттары іс жүзінде меланинге – қара пигментке боялған. Ал олардың көк реңк беруі жәндіктің қанаттарындағы қабыршақтың пішіні және көлбеу орналасуы нәтижесінде пайда болады
10 / 16
Бүкіл әлемге гүл экспорттайтын Эквадордағы гүл бақтарынан ашық көк түсті гибрид гүлдерді кездестіруге болады
11 / 16
Мына орман көктем кезінде Бельгияның көрнекті орындарының біріне айналады. Сәуірде миллиондаған көк гүлдер бүр жарып, мұнда осы құбылысты тамашалау үшін туристер көптеп келеді
12 / 16
Көк түстің қалыпты табиғи ортада ерекше көзге түсетіні соншалық, байқамау мүмкін емес
13 / 16
Ал қысы-жазы жасыл түсте тұратын мына тропикалық өсімдікте көк түсті гүлдер бүр жарады. Оны жакаранда, кейде шегіргүл ағашы деп те атайды
14 / 16
Раушан гүлінің Blue Moon түрі 2004 жылы Жапонияда гендік модификация нәтижесінде шығарылды
15 / 16
АҚШ пен Еуропада жүргізілген сауалнама адамдардың көк түсті тыныштық, үйлесімділік, сенімділік, қашықтық, шексіздік, қиял, аяз және кейде мұңмен байланыстырып қабылдайтынын көрсетті. Сондай-ақ сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі осы түсті сүйікті түс ретінде таңдаған
16 / 16
Көк - түс теориясында күлгін мен жасыл арасында орналасқан түс