НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 32 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз: Жағдай ушығып барады: бір тәулікте 3 000-ға жуық адам COVID-19 жұқтырды
9 шілдедегі мәлімет бойынша 36 723 адам коронавирус инфекциясынан (35 361 КВИ+ және 1 362 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 534 пациент стационарда, 25 189 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 735 адамның жағдайы ауыр,
- 169 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 93 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.