Денсаулық

Жағдай ушығып барады: бір тәулікте 3 000-ға жуық адам COVID-19 жұқтырды

Коронавирусқа қатысты кешегі күннің статистикасы жарияланды. Бір тәулікте анықталған науқастардың саны жағынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап тұр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 909 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2 мыңнан аса адам вакцинадан кейін вирус жұқтырған

  • Нұр-Сұлтан қаласында -  796,
  • Алматы қаласында - 420,
  • Шымкент қаласында – 210,
  • Ақмола облысында – 119,
  • Ақтөбе облысында - 77,
  • Алматы облысында - 89,
  • Атырау облысында - 154,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 78,
  • Жамбыл облысында - 38,
  • Батыс Қазақстан облысында - 191,
  • Қарағанды облысында - 321,
  • Қостанай облысында - 54,
  • Қызылорда облысында - 46,
  • Маңғыстау облысында - 111,
  • Павлодар облысында - 123,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 38,
  • Түркістан облысында - 44.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 448 000 жетті.