Өңірлер

Шымкент тұрғыны әнұранды Миланның орталығында орындады – видео

Қазіргі кезде Темірлан Бейсенбай Зальцбург қаласындағы Моцартеум университетінде оқып жүр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Шымкент тұрғыны Темірлан Бейсенбай Милан қаласының басты алаңында Қазақстанның әнұранын пианинода орындап шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі кезде Темірлан Бейсенбай Зальцбург (Австрия) қаласындағы Моцартеум университетінде оқып жүр. Туған жері – Шымкент. Бірақ Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Жас жігіт әнұранның өңделген нұсқасын орындауды бұрыннан армандап жүргенін айтты. Қоғамның қалай қабылдайтынын білмей, қатты алаңдапты. Видеоның астында жазылған пікірлерге қарағанда қазақстандықтарға әнұранның кавер-нұсқасы ұнаған.

"Тамаша! Кавер өте ұнады. Жалпы біздің әнұранымыз ерекше естіледі ғой", - дейді желі қолданушылары.