НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 800 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық дәрігерлер: коронавирустың клиникалық сипаты өзгерді
Індетке шалдыққандар антирейтингінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр.
- Нұр-Сұлтан қаласында - 794,
- Алматы қаласында - 340,
- Шымкент қаласында – 133,
- Ақмола облысында – 129,
- Ақтөбе облысында - 67,
- Алматы облысында - 86,
- Атырау облысында - 149,
- Шығыс Қазақстан облысында - 80,
- Жамбыл облысында - 41,
- Батыс Қазақстан облысында - 176,
- Қарағанды облысында - 349,
- Қостанай облысында - 54,
- Қызылорда облысында - 47,
- Маңғыстау облысында - 154,
- Павлодар облысында - 126,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 45,
- Түркістан облысында - 30.
Жалпы пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 445 091 адамға жетті.