Видео

Трендтегі мультимедиалық контентті қалай жасау керек - SputnikPro трансляциясы

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы БАҚ, PR-қызмет өкілдері мен журналистика факультеті студенттеріне арналған шеберлік сағаттары басталды
Sputnik

Бүгін Sputnik Қазақстан мультимедиалық орталығында "Медиадағы трендтер" және "Подкаст жасау және оны дамыту" тақырыбы талқыланады.

Жұма, 9 шілде, 13.00-де в "Россия сегодня" ХАА жұмысына" арналған шеберлік сағаты болады.

Қатысушылар:

"Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары Наталья ЛОСЕВА;

"Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары - ақпарат бас  дирекциясының директоры Дмитрий ГОРНОСТАЕВ;

"Россия сегодня" ХАА жаңа медиа дирекциясы инновациялық журналистика орталығының жетекшісі Иван ГРОМОВ.

SputnikPro ағартушылық жобасы

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының журналистерге, бейіндік ЖОО студенттеріне, баспасөз қызметі мамандары мен медиаменеджерлерге арналған және шетелдік әріптестермен кәсіби байланысты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған жобасы. Жоба модулінің жетекшілері қатарында Sputnik медиаменеджерлері мен басқа да танымал ресейлік сарапшылар бар.

Сессия барысында журналистика мамандығының түрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиялық контент әзірлеу, әлеуметтік желідегі жұмыс, жаңалықтар ресурсына трафик тарту сынды келелі мәселер талқыланады. 2018 жылдың наурызынан бастап SputnikPro мастер класына 80 елден 5 мыңнан астам тыңдарман қатысты.

Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы туралы

Sputnik - халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы - Ресейдің "Россия сегодня" медиатобының бір бөлігі. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радио хабар тарату жүйесін және ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар сайтын қамтиды. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына шамамен 57 миллион пайдаланушыны құрайды, әлеуметтік желілердегі оқырманның жалпы саны 22,9 миллионнан асады. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.