Қоғам

Саунадағы сауда: Алматыда жезөкшелер ұсталды

Жалпы жыл басынан бері осындай 52 жезөкшелер ордасы анықталған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Алматыда тек бай-бағландарға қызмет көрсететін жезөкшелер ұсталды, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Жасы 18-ге енді толған қыздарды тәртіп сақшылары көшеге дейін шыққан дауысы арқылы әшкереледі. 

Үйдің сыртында сауықтыру мақсатындағы массаж салоны әрі монша делінген. Алайда ішінен анайы дыбыстар шығып, сол маңдағы жұрттың мазасын қашырған. Сөйтсе қаланың қақ ортасындағы бұл коттедждер кілең жезөкшелердің ордасы екен.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жезөкшелер ұсталды – полицейлер жеңгетайдың есеп кітабын көрсетті

Небәрі 18-19 жастағы қыздар жартылай жалаңаш денесін емес, бет-жүзін жасырып әлек. Бірінен соң бірі орналасқан үш бірдей коттеджде 20 шақты қыз тәнін саудалап қана қоймай, сонда тіршілік еткен. Әрі тек қалталы кісілерді қабылдайды.

Жалпы жыл басынан бері осындай 52 жезөкшелер ордасы анықталған. Қыздар қара тізімге еніп, оларға клиент тауып беріп жүрген 49 жеңгетайға қатысты іс қозғалған.