Фото

"Спартак" қайта оралды: алматылық опера және балет театры 87-ші маусымын жапты - фото

Sputnik

Бұл қойылым аталған театрда алғаш рет 1974 жылы сахналанған болатын.

Жалпы "Спартак" ерлер балеті деп саналады. Себебі онда шайқас пен ерлер биі көп. Алайда лирикаға толы, махаббат пен сезімді бейнелейтін әсерлі көріністер де жетерлік. Балет кезінде ақсүйектер вакханалийі, гетерлер биі, гладиаторлар шайқасы кезек-кезек орындалып, басты кейіпкерлер – Спартак пен оның сүйіктісі Фригияның монологтары орындалады.

Алғаш рет "Спартак" балетін 1974 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрында Зәуірбек Райбаев композитор Арам Хачатурянмен бірлесіп қойды. Осылайша ол бас театрдың мәдени мұрасының алтын репертуарына енді. "Спартак" балетінің тұңғыш премьерасында Рамазан Бапов, Раушан Байсейітова, Людмила Рудакова, Эдуард Мальбеков пен Сара Көшербаева сынды балет өнерінің танымал мэтрлері басты партияны орындады.

Күні бүгінге дейін "Спартак" оркестр үшін де, балет әртістері үшін де ең күрделі балет қойылымының бірі саналады.

87-ші театр маусымының аяқталуына орай Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры балеттің жаңартылған қойылымын ұсынды. Спектакльді балетмейстер Гүлжан Тұтқыбаева, Ресейдің халық суретшісі Вячеслав Окунев қойды. Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері Ерболат Ахмедияров спектакльдің қоюшы дирижері болды.

"Біз театрымыздың хореографиялық мұрасын сақтап қалуды жөн көрдік. Спектакль мүлде басқа қырынан танылады деп ойлаймын. Себебі ондағы энергетика, көлемді декорация көрерменді Рим империясының дәуіріне жетелей алады", - деп санайды Тұтқыбаева.

Жаңа премьера аясында балет труппасының барлық құрамы еңбек етті. Ал басты парияларды жетекші солистер Жанель Түкеева мен Азамат Асқаров, Архат Әшірбек пен Айман Егісбаева, Малика Елшібаева мен Нельсон Пенья, Гүлвира Құрбанова мен Рахым Дайыров орындады.

Елу жыл бұрынғы премьерада Красс рөлін сомдаған ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мальбеков биылғы дайындыққа жеке қатысып, әртістерге бағыт-бағдар беріп отырды. 

"Спектакль туған сахнасына қайта оралғаны қуантады. Ол түпнұсқа материал ретінде қайта жаңғыртылып отыр. Әрине, Гүлжан Тұтқыбаева мен суретші Вячеслав Окуневтің өзгертулері енгізілді. Алайда ол Зәуірбек Райбаев қойған спектакль күйінде қалып отыр. Барлық балет труппасы жоғары нәтиже көрсетті. Осы қойылым аясында еңбек еткен барлық маман өз міндетін мінсіз атқарып шықты", - дейді Эдуард Мальбеков.

Вячеслав Окуневтің эскиздері бойынша театрдың тігін цехы спектакль үшін 300-ден астам костюм тікті. Ал жұмсақ және қатты декорациялар дайындайтын цехтар монументті декорациялар мен табиғатты бейнеленген маталарды әзірледі.

 

1 / 12
Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры 87-ші театр маусымын аяқтап, "Спартак" балетінің жаңа қойылымын ұсынды.
2 / 12
Зәуірбек Райбаев пен композитор Арам Хачатурян бірлесіп "Спартак" балетін алғаш рет 1974 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрында қойды. Ол бас театрдың мәдени мұрасының "Алтын репертуарына" енген.
3 / 12
Елу жыл бұрынғы премьерада Красс рөлін сомдаған ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мальбеков биылғы дайындыққа қатысты.
4 / 12
Вячеслав Окуневтің эскиздері бойынша театрдың тігін цехы спектакль үшін 300-ден астам костюм тікті.
5 / 12
Жұмсақ және қатты декорациялар цехы монументті декорациялар мен табиғат бейнеленген маталарды әзірледі.
6 / 12
Көрермен кейіпкерлердің бейнесі мен сахнаның безендірілуін ғана емес, сахна жарығының да жаңартылғанын көре алады.
7 / 12
"Спартак" оркестр үшін де, балет әртістері үшін де ең күрделі балет қойылымының бірі саналады.
8 / 12
"Спартак" ерлер балеті деп саналғанына қарамастан, көп көрініс әсем әрі әсерлі лирикаға толы.
9 / 12
Спектакльді балетмейстер Гүлжан Тұтқыбаева, Ресейдің халық суретшісі Вячеслав Окунев қойды. Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері Ерболат Ахмедияров спектакльдің қоюшы дирижері болды.
10 / 12
Жаңа "Спартактың" премьерасын тамашалауға келген көрермендер қошеметін аямады.
11 / 12
Директордың міндетін атқарушы Таир Қаратаев және балет әртісі Архат Әшірбек.
12 / 12
Қоюшы балетмейстер Гүлжан Тұтқыбаева әртістермен бірге.