Қоғам

Министрлік коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты

Елімізде 34 189 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

Коронавирустан 27 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан үш қазақстандық көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жалған вакцина паспортын жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

7 шілдедегі мәлімет бойынша 34 189 адам коронавирус инфекциясынан (32 876 КВИ+ және 1 313 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 708 пациент стационарда, 23 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 710 адамның жағдайы ауыр,
  • 143 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 75 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 442 291 жетті.