Әлем

Камчаткадағы ұшақ апаты: алты адамның денесі табылды

Ұшақ құтқарушылар жету қиын жерге құлаған. Олар апат орнына жол талғамайтын көлікпен, содан кейін жаяу жүріп барды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Камчаткадағы Палана ауылының маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан алты адамның денесі табылды, деп хабарлады РИА Новости төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшағы Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана кентіне адам тасымалдаған. Осы жолы тура жерге қонардың алдында байланысқа шықпай қалған.

Бортта экипаждың 6 мүшесі және 22 жолаушы, оның ішінде бір бала болған. Алдын ала дерек бойынша олардың барлығы қайтыс болды.

Камчаткада ұшақ апатына байланысты аза тұту күні жарияланды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын ауа райының қолайсыздығын ескере отырып жүзеге асыруда.

Желіде ұшақ апаты болған жерден видео жарияланды.

Ресей Федерациясының тергеу комитеті ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Агенттік ұшақтың апатқа ұшырауының үш ықтимал нұсқасын қарастырады: қолайсыз ауа райы, әуе кемесінің техникалық ақаулары және ұшу барысындағы қателік.

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары әрқайсысы 2 миллион рубльден, ал әуежайдан тағы 1 миллион рубльден сақтандыру төлемін алады.