Оқиға

Ақсуда полиция майорының мәйіті табылды

Сотқа дейінгі тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы және өлімнің себебі анықталады, деп хабарлады полицейлер
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Павлодар облыстық полиция департаменті Ақсу қаласында өз-өзіне қол салған полицейдің өліміне қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"5 шілдеде Ақсу қаласында түнгі сағат 23:40-та полиция майорының мәйіті табылды. Ол өз-өзіне қол салып, асылып өлген", - дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы баппен үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Депаратмент басшысының орынбасары қажетті сараптаманың жүргізілетінін жеткізді. Сотқа дейінгі тергеу кезінде осы оқиғаның мән-жайы және өлімнің себебі анықталады.