Қоғам

Қазақстанда қанша адам COVID-ке қарсы вакцина салдырды

Вакцина салдырғандар саны бойынша көш басында Алматы қаласы тұр, одан кейін Түркістан мен Алматы облыстары
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырғандар саны бойынша соңғы мәліметті жариялады.

6 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 3 843 678 адам, ал II компонентін 2 214 907 адам салдырған.

Көш басында Алматы қаласы тұр, екпенің бірінші компонентін 530 071, екіншісін 324 260 алматылық алған. Екінші орында Түркістан облысы (414 751 және 236 026), үшінші орынға Алматы облысы (390 038 және 225 613) жайғасты.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 33 029 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 041 науқас стационарда, 22 988 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 623 адамның жағдайы ауыр,
  • 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 76 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық дәрігерлер: коронавирустың клиникалық сипаты өзгерді