НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Ақмола облысында Бурабайға бет алған көліктер бірнеше шақырымдық кептеліс жасады.
"Үлкен кептеліс пайда болды. Қайда бара жатыр?! Олардың барлығына бірдей орын табылмайды ғой", - дейді видео авторы.
Оның айтуынша, кептелістің ұзындығы бес шақырымға жеткен.
Дәл осындай жағдай Қапшағай курорттық аймағына баратын жолда да болды. Instagram-дағы Gres_big_family паблигінде кептелістің видеосы жарияланды.
Биыл шілде айында қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: 4, 5, 6 шілде. 3 шілде (сенбі) жұмыс күні болып, демалыс 5 шілде, дүйсенбіге ауыстырылды.