НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Атырау облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Құжат 5 шілде күшіне енеді.
Қалада карантин күшейтіледі:
- Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-і қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылады. Соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққан және медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі компонентін алған қызметкерлерге жұмысқа барып істеуге рұқсат етіледі.
- Азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері 10:00-ден 19:00-ге дейін істейді.
- Банктер, пошта, ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал сенбі 13:00-ге дейін ашық, жексенбі күні жұмыс істемейді.
- Ashyq жобасына қосылмаған қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері 07:00-ден 20:00-ге дейін істейді, демалыс күндері жабылады.
- Ashyq-қа қосылған қоғамдық тамақтану нысандары (соның ішінде банкет залдары) 07:00-ден 22:00-ге дейін ашық болады, ұжымдық шараларға тыйым салынған.
- Сұлулық салондары, шаштараз жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша, Ashyq-қа қосылғандарға қатысты емес) істейді.
- Спорт кешендері, фитнес орталықтар жұмыс күндері 07:00-ден 22:00-ге дейін істейді. Демалыс күндері жабық болады (Ashyq қатысушылары 24:00-ге дейін).
Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Өткен тәулікте 154 адамның індетке шалдыққаны анықталды.