Қоғам

Алаш арыстарына ескерткіш ашылды

Ескерткіште Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бейнеленген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Алаш" партиясының негізін салушыларға арналған ескерткіш ашылды.

Алаш арыстарына ескерткіш ашылды

Бұл туралы Ерлан Карин өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

Кеше президент Алаштың үш арысы – Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсынұлына, Міржақып Дулатұлына, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевқа және басқа да көрнекті тұлғаларға арналған ескерткіштер ашылатынын айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда Дина Нұрпейісова мен Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мүддесіне қызмет еткен көрнекті қайраткерлерге ескерткіш қою – тарихи тұлғаларымызға шынайы құрмет көрсету деген пікір білдірді.