НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Беларусь елінің бас прокуратурасы Александр Лукашенкоға "тіл тигізген" әнші, әртіс Анжелика Агурбашқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
"2020 жылдың тамызынан бері уайымсыз өткен бірде-бір күнім болмады. Күн сайын бітпейтін сот, қамауға алу, ақылға қонбайтын үкімдер, азаптау. Қазір ең тамаша адамдар түрмеде отыр. Енді бірі қудалаудан құтылу үшін елден кетуге мәжбүр", - деді ол.
Ол азаматтар өзін қауіпсіздікте сезіне алмай отырғанын жазды.
"Беларусь елінің бас прокуратурасы маған қатысты 130-баптың 3-бөлігі және 368-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Іздеу жариялап, мені экстрадициялап, қамауға алуды талап етті", - деді Агурбаш.
Анжелика Агурбаш - беларусь және ресейлік әнші, модель, актриса, тележүргізуші, Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі (2006). 1970 жылы Минск қаласында туған.