Қоғам

Мусиннің орынбасары қызметінен босатылды

Әнуар Ахметжанов 2020 жылдың қазан айынан бастап цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Үкімет қаулысымен Әнуар Мұратұлы Ахметжанов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әнуар Ахметжанов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Джонс Хопкинс Университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚМУ экономика және сыртқы экономикалық қызмет оқытушысы қызметінен бастаған. 

Әр жылдары "Қазақойл", "ҚазМұнайТеңіз", "ҚазМұнайГаз" компанияларында жұмыс істеді, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және өңірлік-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

2016 жылдан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды.