Өңірлер

Жаңаөзенді шаңды дауыл басты - видео

Батыс Қазақстанда аптап ыстық сақталып тұр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде - Sputnik. Жаңаөзен қаласында шаңды дауыл соғып, артынан нөсер жаңбыр жауды, деп жазады InAktau басылымы.

Тұрғындар әлеуметтік желіде шаңды дауылдың видеоларын бөлісіп жатыр.

Қазгидрометтің хабарлауынша, сенбі, 3 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00 шамасында жел секундына 20 метрге дейін күшейген.