НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде - Sputnik. Нұр-Сұлтан маңындағы Жібек жолы ауылында жанармай цистернасы бар көлік өртеніп кетті, деп хабарлады астаналық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жанып жатқан көлікті Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері сөндірді.
Өртті сөндіру үшін үш автоцистерна мен жеке құрамның 17 адамы жұмылдырылды.
Полиция қызметкерлері Қарағанды тас жолын жауып тастады.
Оқи отырыңыз: Атырауда жанармай құю стансасындағы жарылыс видеоға түсіп қалды
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері арқасында сағат 19.21-де өрт оқшауланып, 20 минуттан кейін толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.