Өңірлер

Қазақстанның тағы екі облысы "қызыл" аймаққа өтті

Бір облыс "жасылдан" "сарыға" ауысса, екі өңір "қызыл" аймаққа кірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

Үнді штамы барлық өңірде анықталды – министрлік дабыл қақты
2 шілдедегі жағдай бойынша қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. Бұған қоса, "қызыл" аймақ Ақмола және Маңғыстау облыстарымен толықты. Бұған дейін олар "сары" аймақта болған еді.

"Сары" аймақта Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстары қалды. Бүгін оларға бұған дейін "жасыл" аймақта тұрған Қызылорда облысы қосылды.

"Жасыл" аймақта – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.