НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
"Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз – ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру", - деп жазды президент Twitter-де.
Тоқаев бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті. Президент дипломаттарға жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тіледі.
Тоқаев дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады
© Photo : ҚР СІМ баспасөз қызметі
1992 жылдың 2 шілдесінде Елбасының жарлығымен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі құрылды. Әр жыл сайын осы күні елде Дипломатиялық қызмет күні аталып өтеді.
Қазақстан бүгінде 186 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатқан.