Өңірлер

Шымкентте 350-ге жуық мұғалім даудың ортасында қалды

Аттестаттау туралы жалған сертификаттар мұғалімдерге үстемеақы алуға мүмкіндік берген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Шымкентте 348 мұғалім даудың ортасында қалды, олар жалған аттестаттау сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Педагогтар жалған сертификаттарды үш жыл бұрын "сатып алған" және біліктілігін арттырғаны үшін бонустар алған. Бұл қылмыс олардың әріптестері құқық қорғау органдарына шағымданған кезде ашылды.

"Мұғалімдерді жалған аттестаттауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, "Алаяқтық" бабы бойынша сот процесі жүріп жатыр", - деді Шымкент қалалық білім басқармасының бастығы Жанат Тәжиева.

Қаржы полициясы республикалық тестілеу орталығында тест тапсырғандардың тізімін тексерді. Белгілі болғандай, қала мектептерінің көптеген мұғалімі аттестаттаудан өтпеген, тіпті тестілеу орталығына бармаған. Олар жалған мөр басылған құжаттарды сатып алған.

Мұғалімдердің 80%-і екі жыл ішінде заңсыз алған ақшаларын бюджетке қайтарды. Ал сертификаттарды сатқан алаяқтар сот алдында жауап берді.