Өңірлер

Қытайда болған жер сілкінісі Алматы облысының тұрғындарына сезілді

Қытай аумағында таңертең екі жер сілкінісі болды, олардың бірін Алматы облысының тұрғындары сезген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қытай аумағында болған жер сілкінісі Алматы облысы Кетпен ауылында сезілді. Бұл туралы "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" хабарлайды.

Жерасты дүмпулері 2 шілде 07 сағат 15 минут 43 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 378 шақырым жерде орналасты.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.8. Магнитудасы MPV 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілуі туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Кетпен ауылы – 2 балл", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында тағы бір жер сілкінісін тіркеді, бірақ ол Қазақстан аумағында сезілген жоқ.

Тағы оқыңыз: Неліктен жақын шетелдерде жер сілкінісі жиіледі

СТӘЭ мәліметінше, жерасты дүмпулері 06 сағат 28 минут 56 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырымда орналасты. Энергетикалық класы 10.3. Магнитудасы MPV 4.2.