Әлем

КСРО халық әртісі қайтыс болды

Әнші, актер және режиссер Николай Сличенко 87 жасында қайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде - Sputnik. Танымал әнші, КСРО халық әртісі Николай Сличенконың қайтыс болғаны туралы Ромэн театры хабарлады.

"87 жасында театрдың көркемдік жетекшісі, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Николай Алексеевич Сличенконың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Николай Алексеевич Сличенко 1934 жылы 27 желтоқсанда Белгородта дүниеге келген.

Оның әкесі соғыста қайтыс болған. Соғыстан кейін Николайды сығандар колхозына жібереді, ол жерде ересектермен бірдей жұмыс істеді.

Оның әні мен биін ауылдастары ерекше қабылдап, Мәскеуде Ромэн театры бар екенін айтатын. Николай Сличенко осы театрға баруды армандады. Осылайша 16 жасар талант иесінің арманы орындалып, сығандар театрының көмекші құрамына қабылданады.

Алғашқы рөлдері көрерменнің, баспасөздің және театр қауымының назарын аударды.

Оқи отырыңыз: Танымал топтың әншісі қайтыс болды

Николай Сличенконың шығармашылық өмірбаянында осы театр сахнасында және кинода танылған қайталанбас туындылар бар. Оның еңбегі, режиссерлық жұмысы арқылы "Ромэн" сығандар театры жаңа деңгейге көтерілгені мәлім.

"Таланттың ерекшелігі - жан-жақтылығы. Көрнекті актер, әнші, режиссер, ұстаз, Ромэн театрының көркемдік жетекшісі, қоғам қайраткері Николай Алексеевич Сличенконың дәл осындай қасиеті болды. Николай Сличенконың жұлдызы әрдайым жарқырап, жүрегімізде мәңгі сақталады", - деп атап өтті театрдағылар.