Фото

"Ұрылардың қара тізіміне" енген аң-құстардың қызықты суреттері

Sputnik

Олардың кейбірі тіпті "ұрылардың" қара тізіміне енген. Өзгенің дүниесін ұрлап әкететін аң-құс қылмыс үстінде ұсталса да, жазасыз кетеді. Себебі оларды жауапкершілікке тартып, түрмеге қамай алмайсың.

Аң-құстардың тонаумен айналысуын тамашалау қаншалықты қызықты болғанымен, кейде аса қолайсыз жағдай да болады. Олар, негізінен, ас-тамақ, ашық түсті немесе жылтыр затты, ұя салу үшін қажетті дүниені ұрлайды.

Мысалы, Таиландта алып піл үй қабырғасын құлатып, ас бөлмесінде тұрған ұнды ұрламақ болған.

Сол сияқты, маймыл, мысық, түлкі, жанат, қарға мен шағаланың да ұрлыққа әуестігі бұрыннан белгілі. Олар сәл қараусыз қалған дүниені алып кететіндер қатарында.

Осындай аса ептілердің тізімінде тағы қандай аң-құс бар екенін сурет топтамасынан көріңіз.

1 / 9
Таиландағы үй қабырғасын бұзып кірген піл. Ол ас бөлмесінде тұрған қаптағы ұнды алып кетпек болған
2 / 9
Берлиндегі Тойфельзее көлінің жағасында демалып жатқан ер адамның ноутбугы мен киімін қабан алып қашып барады
3 / 9
Кейптаунның шетіндегі Миллерс-Пойнтта Монреальден келген туристердің машинасына бабуиндер шабуылдады, Оңтүстік Африка
4 / 9
Ыстамбұлда мысық қармаққа түскен балықты ұстап алуға тырысып жатыр
5 / 9
Брюссельдегі бақта тиін бисквит жеп отыр
6 / 9
Дәм іздеп, тұмсығын терең ыдысқа салған қабыланның басы кептеліп қалды, Үндістан
7 / 9
Автомобиль дөңгелектерінің арасына тығылған жанаттар
8 / 9
Приморск океанариумының аумағындағы түлкі баласы. Мұнда түлкілердің үлкен жанұясы тұрақтаған. Олар билет кассаларының жанындағы контейнерлердің түбін өз ұясына айналдырды. Тіпті адамдардан қорықпайды. Керісінше, океанариумге келушілерді қарсы алып, адамдардың дәмді ас ұсынуын күтіп тұрады
9 / 9
Венада мүйізтұмсықты құс стақандағы кофені зерттеп тұр