Өңірлер

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақ жаңарды

Қазақстан өңірлерінде бір тәулікте коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

1 шілдедегі жағдай бойынша, Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа ауысты. "Сары" аймақ Павлодар облысымен толықты.

1 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы:

  • "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;
  • "сары" аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары;
  • "жасыл" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Өткен тәулікте Қазақстанда 2 436 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.