НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Елімізде коронавирус жұқтырғандар арасында жағдайы ауыр науқастардың саны көбеюде, деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Министрлік басшысы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Елде таралған коронавирус инфекциясының ерекшеліктері туралы айта отырып, ол маусым айында Нұр-Сұлтан қаласынан басқа, стационарлық емделуде жүрген науқастар санының төмендегені байқалатынын жеткізді. Алайда, ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқас үлесінің артуы байқалады. Ересектер арасында сәуір айында 6%-тен маусым айында 7,9%-ке дейін өсім байқалады. Балалар арасында сәуірдегі 3 ауыр науқас баладан маусым айында 27 пациентке дейін өсу байқалады.
Оқи отырыңыз: Вакцинасыз кімдер жұмысқа кіре алмайды - толық тізім
Аймақтардың штаттан тыс бас дәрігерлері Сovid-19 ауруының ағымы мен клиникасының өзгеруін айтады. Осылайша, ауыр және өте ауыр ағымы бар жас адамдардың үлесі артты. Балалар мен жүкті әйелдер қатты ауыра бастады. Инкубациялық кезең 5 күнге дейін қысқарды.
"Интоксикацияның айқын белгілері байқалады – 3-7 күнге дейін жоғары қызба, мұрынның бітелуі, жұтыну кезінде ауру белгілері, буындардың ауырсыну, сондай-ақ тиннитус және есту қабілетінің төмендеуі, іштің ауыруы сияқты симптомдар бар", - делінген хабарламада.
Дәрігерлер аурудың ерте кезеңінде өкпенің зақымдану аймағының ұлғаюымен аурудың тез дамуын, жүрек-тамыр жүйесінің жиі асқынуын атап өтеді.
"Дәрігерлер балалар арасында инфекцияға орталық жүйке жүйесінің де қосылуын атап өтті. Бұған құрысу, сананың бұзылуы және менингиальды белгілер кіреді. Сондай-ақ тыныс алу жеткіліксіздігімен бірге пневмонияның ауыр жағдайлары артты", - деді А.Цой.
Сонымен қатар барлық жас топтары арасында аурудың біркелкі таралу фактісі байқалады. Бұл вирустың отбасы ішінде таралуының дәлелі. Балалардың 66,2%-і отбасы ішіндегі байланыстарды, соның ішінде отбасылық шараларды, тойлардың болғанын атап өткен.