Қоғам

WhatsApp-та көптен күткен мүмкіндік пайда болды

Әзірше мессенджердің жаңа функциясын Android-тың бета-режимдегі пайдаланушылары ғана қолдана алады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым — Sputnik. Андроидтағы WhatsApp-та бір есептік жазбаны бір уақытта бірнеше құрылғыда қолдануға мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болды. Әзірше бұл функция қосымшаның 2.21.14.1 нөміріндегі бета-нұсқасында ғана жұмыс істеп тұр.

Пайдаланушы құрылғыны WhatsApp аккаунтымен жалғағаннан кейін WhatsApp Web және WhatsApp Desktop бір уақытта жұмыс істеуі үшін басты гаждеттердің бірі желіде қалуы міндетті емес. Яғни, басты ұялы телефонның өшіп қалуы басқа құрылғыдағы WhatsApp жұмысына кері әсер етпейді.

Атап өту керек, бір аккаунтқа тіркелген мұндай бес гаджетті пайдалануға болады, деп хабарлады РИА Новости.

Мультиқұрылғының функциясын қолдану арқылы қосымшаны пайдаланушының хабарлама алмасуы шифрленген күйде қала береді.

Оқи отырыңыз: WhatsApp-та хабарламаға қатысты жаңа функция пайда болады

Бұл опцияны 2.21.14.1 нөмірі арқылы тек бета-режимде ғана қолдануға болады. Кейіннен аталған функция WhatsApp-ты пайдаланушылардың барлығы үшін қолжетімді болмақ.