Өңірлер

Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға тыйым салу мерзімін ұзартты

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға мораторийді ұзартатын түзетулерге қол қойды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға мораторийді ұзартатын түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп хабарлады Қазақстан президентінің ресми сайты.  

Жаңа түзетулерге сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Қазақстан азаматтарына жекеменшікке беру туралы Жер кодексінің нормаларын қолдануға мораторий 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Жерді Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер қатыспаған заңды тұлғалар ғана 49 жылға жалға ала алады, ауылшаруашылық жерлері қосалқы жалгерлікке берілмейді.

Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру туралы заң Тоқаевқа жіберілді

Сонымен қатар, заңда конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің шекті мөлшері белгіленген. Конкурсқа ірі учаскелерді шығаруға тыйым салынады.

Заңның негізгі жаңалықтарын мына жерден оқи аласыз.