Видео

Путин азаматтардың сұрағына тікелей эфирде жауап берді – видео

Дәстүрлі тікелей эфирдің ерекшелігі - Ресей азаматтарына мемлекет басшысына сұрақ жіберуге мүмкіндік беретін арнайы мобильді қосымшаның іске қосылуы
Sputnik

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, мобильді қосымша арқылы елдің кез келген азаматы өзінің сұрағын видео немесе жазбаша форматта жібере алады.

Оның айтуынша, келіп түскен сұрақтардың басым көпшілігі коронавирус пандемиясына қатысты.

Оқи отырыңыз: Назарбаев пен Путин Мәскеуде кездеседі

Путинмен алғашқы тікелей эфир 2001 жылдың 24 желтоқсанында өтті. Ол кезде 400 мың сұрақ келіп түскен еді. Ресей президенті 46 сұраққа ғана жауап беріп үлгерді.

2004 жылы ғана Владимир Путинмен тікелей өтпей қалды. Сондай-ақ сұрақтарға президенттің желтоқсанда өткен баспасөз конференциясында жауап берілгендіктен  2020 жылы да өткен жоқ.

2018 жылы тікелей желінің өткізу форматы өзгерді. Эфирге министрліктер мен аймақ басшылары қосылатын болды.

2019 жылы президент 80-нен астам сұраққа жауап берді, ал эфирдің жалпы ұзақтығы 4 сағат 8 минутты құрады.