НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде коронавирустан емдегені үшін Ресей дәрігерлеріне алғыс білдірді.
"Мен сырқаттанған кезде Ресей дәрігерлері 10 күн бойы қасымда болғанын ешқашан ұмытпаймын. Ол ұмытылмайды", - деп РИА Новости Назарбаевтың сөзінен үзінді келтірді.
2020 жылы 18 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырғаны анықталды, 2 шілдеде Назарбаев коронавирустан жазылды. Осы жылдың маусым айында ол "Спутник V" вакцинасын алды.
Кремльде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр.
Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың перспективалары мен өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.