Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда "Астана-Зеленстрой" ЖШС-де өсірілген 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жыл сайын осы жерден 20-25 мың дана түп ағашы алынады. Орталық 1965 жылы құрылған, оның ауданы 300 гектардан асады.
"Ағаштарды қалаға апарар алдында тамыр жүйесін дайындау қажет. Барлық ағашты өзіміз өсіреміз, орталықта 50-ден астам ағаш түрі бар. Оның ішінде жөке ағашы, емен, шырша, қарағай кездеседі. Біз кез-келген ағашты негізсіз алмаймыз, Шучинск ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институты, ауылшаруашылық институты мамандарымен ақылдасамыз. Ботаникалық саябақпен бірлесе жұмыс істейміз», - деді Sputnik Қазақстанға "Астана-Зеленстройдың" бас агрономы Ерназар Серікбаев.
Ол суарудың жиілігі ауа-райы жағдайына байланысты екенін атап өтті. Бір ағашқа 200-ден 250-300 литрге дейін су кетуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ағашты заңсыз кескендер миллиондаған айыппұл төлейді
Жыл соңына дейін қалада 30 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған.