Қоғам

"Пышақпен бір ұрды": Алматыда бөлмені жалға алған әйел үйдің иесін өлтірді 

Қылмыс жасаған әйел оқиға орнына қашып кеткен. Бірақ полицейлер оны ұстады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті жанжал кезінде жалға алған бөлменің иесін пышақтап өлтірген әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінде болған. 

"Әйел мен ер адам жеке үйдің бөлмесін бір күнге жалға алған. Ал үйдің иесі спирттік ішімдіктерді ішуге және шулауға болмайтынын ескерткен. Бірақ олар тыңдаған жоқ. Жеке өздері қалғанда арақ ішкен", - дейді полицейлер.

Біршама уақыттан кейін бөлмені жалға алғандар шулай бастады. Сол кезде үйдің иесі барып, ескерту айтқан. Олар сөз қайтарып, арты жанжалға ұласқан.

"Сол кезде әйел пышақ алып, 50 жастағы үйдің иесіне сұққан. Ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Ал әйел қылмыс жасағанын түсініп, оқиға орнынан қашып кетті. Бірақ көп ұзамай, қолға түсті", - деп атап көрсетті тәртіп сақшылары.

Оқи отырыңыз: Шу ауданында ер адам полицейге бірнеше рет пышақ сұғып алды – оқиғаның мән-жайы

Қазіргі кезде Алатау аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын бастап кетті. Сотта әйелдің кінәсі дәлелденсе, оны 8-15 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.