Өңірлер

Әкесі ұлдарының киімін жағадан тапқан: Ақмола облысында екі ағайынды суға батып кетті

Петровка ауылында тұратын 29 және 31 жастағы екі ағайынды өзенге шомылуға барған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Өзенге демалуға келген ағайындылар суға кетіп өлді, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Ақмола облысында өзен жағасына демалуға келген ағайынды екі жігіт суға кетті. Ағалы-інілі қос азаматтың киім-кешегін туыстары жағадан тауып алған.

Петровка ауылында тұратын 29 және 31 жастағы екі ағайынды өзенге шомылуға барған. Өздерімен тамақ, арақ та ала келіпті.

Оқи отырыңыз: "Кенже ұл үйге жүгіріп келген": Ақмола облысында екі оқушы суға батып кетті

Бірақ олардың ауыл іргесіндегі Жабай өзенініне кеткенін ешкім білмеген. Сол күні үйіне оралмаған балаларын әкесі таңертең іздей бастайды. Балаларын ауыл ішінен таппаған ол өзен бойына барған.Сол жерден жағада жатқан екі ұлының киім-кешегін тауып алған.

"Екеуінің денесін өзенде екі метр тереңдікте, жағалаудан 12 метр қашықтан сүңгуірлер алып шықты. Олар арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды", - деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.  

Көкшетаудан  сүңгуірлер шақыртылып, қос жігіттің мәйіті су түбінен табылды.