НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Қырғызстанның министрлер кабинеті Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген ұнды сату туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ТЖМ жанындағы мемлекеттік материалдық резерв қоры Қазақстаннан жеткізілген ұнның сақтау мерзім шектеулі екені туралы интернетте тараған ақпаратты жоққа шығарды.
Оқи отырыңыз: Қазақстаннан Бішкекке гуманитарлық көмек жеткізілді
Ведомство хабарлағандай, Қырғызстанда маусымда қатты ыстық болып тұр. Жоғары ауа температурасы ұнды сақтау талаптарына кері әсер етеді. Министрлер кабинеті ұнды сатып, одан түскен қаражатқа ұзақ уақыт бойы мемлекеттік резервте сақтауға болатын бидай сатып алу туралы шешім қабылдады.
Осы жылдың мамырында Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Қырғызстанға жоғарғы және бірінші сұрыпты он мың тонна ұн жеткізді. Ұн ЕАЭО мен мемлекеттік стандарттың барлық талабына сәйкес келеді.
Еске салсақ, биыл мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасымен арадағы достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаларын басшылыққа ала отырып, Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды.