Қоғам

Қазақстан "қызыл" аймақта: Цой вирус жұқтырғандар көбейіп бара жатқанын айтты

26 маусымнан бері Қазақстан "қызыл" аймақта тұр. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында вирус жұқтырғандар саны күрт артты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру 39%-ке өскені байқалады. Республикада инфекциялық төсек-орындардың 27%-і (7 125 төсек), реанимациялық төсек-орындардың 24%-і (589 төсек) бос емес", - деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, елде вирус жұқтырғандардың көбеюі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында аурушаңдықтың 1,7 есеге өсуімен байланысты.
26 маусымнан бері Қазақстан "қызыл" аймақта тұр.

Сондай-ақ қауіпті аймаққа бес өңір – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары кірген.
Қалған өңірлер "сары" және "жасыл" аймақта.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда міндетті вакциналауды енгізу қажет – Мамин