Өңірлер

Ақтауда ер адам 80 мың теңге үшін бас бостандығынан айырылды

Сот дүкенге түскен ер адамды кінәлі деп танып, оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Ақтау тұрғыны 5-шағын ауданда орналасқан азық-түлік дүкенінде ұрлық жасады. Бұл туралы Inaktau.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қызылордада шатырдан түсіп банк терминалын тонамақ болғандар ұсталды
Сағат 05:30 шамасында ер адам дүкенге терезе арқылы кіріп, кассадағы 80 мың теңгені алып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Қаскүнем ұсталып, оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы – "Тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.