Өңірлер

Әкесі мен қызы көз жұмды, ұлы ауруханада: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апаты салдарынан 53 жастағы ер адам мен 9 жасар бала қайтыс болды. 3 жасар бүлдіршін ауруханаға жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Алматы облысында жол апаты салдарынан ер адам мен оның 9 жасар баласы қайтыс болды.

Жамбыл ауылында жан түршігерлік жол апаты болды. Қайғылы оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде жарияланды.

"Жергілікті тұрғын, етікші еді. Ол балаларымен бірге өзенге шомылуға бара жатқан болатын. Қызы да сол жерде қайтыс болды, ал ұлын итеріп үлгерген. Ұлы тірі", - делінген видеоға жазбада.

Облыстық полиция департаменті жол апатының 28 маусым күні сағат 14:50 шамасында Алматы-Нұр-Сұлтан тасжолының бойында болғанын хабарлады.

"ЗИЛ 431410" жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі тас жолмен оңтүстік бағытта келе жатып, 30-шы шақырымда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан үш жүргіншіні қағып кеткен.

Оқи отырыңыз: Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам көз жұмды

Жол апаты салдарынан 53 жастағы ер адам мен 9 жасар бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілді.

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы бап бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастылған.