Қоғам

42 градусқа дейін аптап ыстық болады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 35-42 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Қазақстанның көптеген өңірінде температуралық фон жоғарылайды деп күтілуде. Бұл Иран аймағынан келетін жылы және құрғақ ауа массаларының қозғалысына байланысты.

"Республиканың батысында шілде айының басында найзағай ойнап, қысқа мерзімді жауын-шашын болады. Бұл ауа темпертурасына ықпал етеді. Түнде 17-22, күндіз 27-35 градусқа дейін ыстық болады", - делінген хабарламада.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде плюс 15-22, күндіз 30-38 градус ыстық болады деп болжанып отыр.  

Оқи отырыңыз: Маусымда ауа райы қандай болады

Оңтүстік өңірлерде әлі де құрғақ және ыстық ауа райы қалыптасады. Түнде 20-25, күндіз 35-42 градус ыстық болады.