Өңірлер

Семейдің жаңа әкімі тағайындалды

Бақытжан Байахметов 2019 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым - Sputnik. Бақытжан Байахметов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Байахметов бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Баяхметов - Аягөз қаласының тумасы. Әр жылдары ол Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы, Аягөз қаласының әкімі қызметін атқарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Ұлан және Аягөз аудандарын басқарды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.