НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы "қызыл" аймақта бес өңірдің тұрғанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқи отырыңыз: Үндістанда тағы бір қауіпті вирус табылды
2021 жылғы 28 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:
- "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
- "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.
- "Жасыл" аймақта: Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
Қазақстанда өткен тәулікте 1 686 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды