НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан – Орал бағытындағы жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан"Мой город" сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы уақытта ер адам 4-ші шағын ауданына жақын темір жолды заңсыз жерде кесіп өтпекші болған. Сол кезде оны жолаушылар пойызы қаққан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша жарақат алған ер адамды көпсалалық ауруханаға жеткізілген. Ол басынан қатты жарақат алды.
"Оны бірден операцияға жатқызған. Ота кезінде ер адам алған жарақатынан қайтыс болды", - дейді дәрігерлер.
Ал көліктегі полиция департаменті қылмыстық кодекстің 344-бабы (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әреке) бойынша сотқа дейінге тергеуді бастады.
"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - дейді тәртіп сақшылары.
Оқи отырыңыз: БҚО-да ең қауіпті теміржол өткелінде бір жылда 6 адам қайтыс болды
Айта кетейік, 344-бапта белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.