Фото

Қаламын қару еткендер: БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр – фото

Sputnik

Тәуелсіз Қазақстанның журналистері мен БАҚ қызметкерлері бүгін кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр.

Оның тарихы отыз жыл бұрын Қазақ КСР-нің "Баспа және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" алғашқы заң қабылдануынан бастау алады. 2012 жылға дейін бұл мереке Баспа, радио және телевидение күні ретінде маусымның соңғы жексенбісінде аталып келді.

Алайда 2011 жылдың қазанында төртінші билік өкілдерінің төл мерекесі 28 маусым күніне белгілендді. Ол дата Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні деп атауын да өзгертті. Бұл мереке дәл осы атаумен 2019 жылға дейін тойланып, екі жыл бұрын Бұқаралық ақпарат құралдары күні деп тағы атау өзгертті.

Қазақстандық журналистер пандемияға дейін өз міндеттерін қалай атқарды және коронавирус қандай өзгеріс алып келгені туралы Sputnik Қазақстан материалынан көріңіз.

1 / 16
Қоғам үшін қызықты әрі маңызды ақпаратты алу ешқашан оңай болған емес. Себебі камера алдында қолайсыз әрі күрделі сұраққа ашық жауап беруге дайын спикерді табудан бөлек ол проблеманың қалай шешілетіні туралы да толыққанды мәлімет ұсына алу керек. Ол үшін түрлі шенеунік пен сарапшыға ондаған сұрақ қоюға тура келеді.
2 / 16
Кейде жоғары қызметтегі шенеуніктер өзекті сұрақтарға қалжыңмен жауап беріп, тезірек құтылуға тырысады.
3 / 16
Жаңалықтар мен өз сауалыңды қою үшін сағаттап күтетін жағдай жиі болады.
4 / 16
Кейде ол сұрақтың жауабын сол кәсіпорынның өзінде алуға мүмкіндік туып, журналистерге өндірістік процесс кезінде жұмыс істеуге тура келеді.
5 / 16
Журналистер үшін сұраққа жауап алу өз қолайлылығынан да қымбат.
6 / 16
Егер репортаж дайындау үшін пойыз бригадасымен бірге кезекшіліке түсуге немесе полициямен бірге патрульдеу қажет болса, журналистер ешқашан именіп қалмайды.
7 / 16
Кейде спикердің дауысы диктофонға түсініксіз жазылып қалатын жағдай болады. Ондайда журналистер бір-біріне көмектесіп, мәселені бірге анықтауға атсалысады.
8 / 16
Пандемия парламенттік журналистердің жұмысына елеулі өзгерістер енгізді – олардың министрлер мен депутаттар заңнамалық құжаттарды талқылайтын ғимаратқа бас сұқпағанына бір жылдан асты. Қажетті жауап алу үшін шенеуніктерді есік алдында сағаттап тосуға тура келеді.
9 / 16
Ақпаратты алып қана қоймай, оны халыққа түсінікті етіп жеткізе білу де қажет. Сондай-ақ ақпаратты ұсынуда шапшаңдық та маңызды рөл ойнайды.
10 / 16
Қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер аумағында "Пресса" деген жазуы бар көкірекше мен таңғыш журналистердің жалғыз қорғанышына айналады.
11 / 16
Дыбыстың жақсы жазылуы үшін диктофон мен түрлі аппаратураны орналастыратын жерді мұқият таңдау қажет.
12 / 16
Журналистер жұмыстан тыс уақытта экологиялық акцияларға жиі қатысады.
13 / 16
Шараны ұйымдастырушылар журналистер үшін аз орын қамдаған болса, тілшілер еш саспастан қолайсыз жағдайда да кәсіби міндетін атқара береді. Бұл жаңалықтар сапасына еш кері әсер етпейді.
14 / 16
Көрермендер мен тыңдармандарға оқиғаның барысы жайында ақпарат беру үшін журналистер іс-шара алдында тікелей эфирге шығады.
15 / 16
Журналистер коронавирус жұқтырғандарға арналған госпиталь құрылысы туралы да жаңалықты жан-жақты тарата алды.
16 / 16
Коронавирус журналистер мен спикерлердің қарым-қатынас форматын өзгертті – қазір баспасөз конференцияларының басым бөлігі онлайн өтеді. Суретте: Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында брифинг өтуде.