Фото

Қызмет пен міндет: қазақстандық полицияның тыныс-тіршілігі - фото

Sputnik

Осы орайда 2007 жылы ел президенті Полиция күнін бекіту туралы сәйкес жарлыққа қол қойған болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін құқық қорғау органының жұмысын реттейтін алғашқы заңнамалық құжат – 1992 жылы елдегі Жоғарғы Кеңес қабылдаған "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заңы.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, тәуелсіздік жылдарында құқық қорғау саласының 1,5 мың қызметкері мемлекеттік наградамен марапатталды. Өкінішке қарай, тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндетін орындау барысында 802 тәртіп сақшысы көз жұмып, 2 650 полицей жараланды.

Ал елде төтенше жағдай және карантин енгізілген кезде тәртіп сақшылары өздерінің тікелей қызметтік міндеттерін орындаумен қатар, дәрігерлермен бірге адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауда алдыңғы шепте тұр.

Полиция қызметкерлерінің ерен еңбегі туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз. 

1 / 17
Полиция қызметкерінің жолдағы жұмысы – апаттың алдын алу және жол ережесін бұзатындардың заңға қайшы әрекеттеріне жол бермеу.
2 / 17
Цифрландыру полиция мен жүргізушілер арасындағы қарым-қатынасты айтарлықтай өзгертті.
3 / 17
Әйтсе де ел аумағында күн сайын мыңдаған полицей кезекшілікті атқарып, қала мен ауыл тұрғындарның өмірін қауіпсіз ету үшін еңбектенуде.
4 / 17
Бүкіл ел бойынша демалыс күндері және оқу жылы басталған шақта "Абайлаңыз, балалар!" арнайы операциясы өтеді.
5 / 17
Пандемия кезінде тәртіп сақшылары қаладағы карантин шектеулерінің сақталуын қадағалады.
6 / 17
Мысалы, карантинге жабылған үйдің балалар ойнайтын ауласын күзетті.
7 / 17
Қолайсыз ауа райына байланысты республика аумағындағы жолдардың басым бөлігі жабық болған шақта полиция қызметкерлері тас жолда тұралап қалған жүргізушілердің жалғыз құтқарушысына айналады.
8 / 17
Олар қала айналасындағы бекеттерде автокөлік иелерінің құжаттарын тексерді.
9 / 17
Сондықтан карантин шектеуі жеңілдетіліп, қалаға кіреберістегі бекеттерді алып тастағанда олар бәрінен қатты қуанған болар.
10 / 17
Полиция қызметкерлері – қалада өтетін кез келген ірі іс-шараға міндетті түрде қатысады.
11 / 17
Пандемия кезінде әуежай мен теміржол бекетінде тәртіп күзеткен полиция қызметкерлерінің киім үлгісі медицина мамандарының киіміне қатты ұқсап қалды.
12 / 17
Солтүстік Қазақстан облысындағы тас жолда болған ақтүтек боран кезінде полиция өртенген КамАЗ-ды сөндіруге көмектесті.
13 / 17
Полиция қызметкерлері үшін Алматы маңайындағы бекеттерді жабу алдында өткен сапқа тұру салтанаты нағыз мейрамға айналды.
14 / 17
Полиция сан түрлі мәселені шешуге атсалысады. Мысалы, қала көшесінде адасып қалған баламен бірге отыра тұру.
15 / 17
Бұл да полиция қызметкері: тәртіп сақшыларының іздеу жұмыстарына етене араласатын сүйкімді төбет Ақтөс.
16 / 17
Қалада үрейлі әрі түсініксіз оқыс жағдай бола қалса, полиция тұрғындарды қорғау мақсатында сол оқиғаның ортасында жүреді. Мысалы, тәртіп сақшылары азаматтардың атыс орнына жақындамауы үшін Алматыдағы "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешенінің жанында күзетте тұрды.
17 / 17
Полиция қызметкерлері Щучинскте мемориалдың ашылу салтанатында қаза тапқан әріптестерін үнсіздік минутымен еске алды.