Видео

"Зиратпен көрші": елордалықтар бейіт маңында қалай тұрып жатыр – видео  

Sputnik Қазақстан тілшілері зираттарды аралап, аудан тұрғындармен сұхбаттасып қайтты
Sputnik

Нұр-Сұлтан қаласы тез өсіп, дамып келеді. Қозғалыс пен қарбаласқа толы мегаполисте жанға тыныштық ұялататын жерлер де бар. Олардың кейбіреуі қаланың дәл ортасында орналасқан. Кеңестік Целиноград тұрғындары мәңгілік тұрақ тапқан мекендер десек те болады.

Осындай зираттардың бірі елорданың Есіл ауданында, бас қаламыздың  символдарының бірі - "Мәңгілік ел" салтанат қақпасының маңында орын тапқан.

Бұндағы алғашқы қабірлер Ұлы Отан соғысы кезінде пайда болды. Қазір зират жабық, жерлеуге тыйым салынған.

Заречный тұрғындары зираттармен көрші тұруға үйреніп қалған, назар аудармайды. Аудан тұрғындарының арасында осы зиратқа туыстарын жерлегендер де бар.

Астана тұрғыны Антон Мельник Заречныйда 1959 жылдан бері тұрады. 1975 жылы ол анасын осында жерледі. Ол зираттың орнына зәулім ғимарат құрылысы басталатын күн де алыс емес екенін айтады.

Оқи отырыңыз: Құлпытаста QR-код болады: мүфтият зират көтеру мәдениетін бір жүйеге келтірмек - видео

Майқұтов көшесінің бойында тұратын астананың оң жағалауының тұрғындары да зиратқа іргелес. Ол өткен ғасырдың басында пайда болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жерде қуғын-сүргінге ұшыраған вайнахтар жерленген. Бұл зират та жерлеу үшін жабық.

Жергілікті тұрғындар зиратпен көрші тұру қауіпсіз екеніне сенімді. Екі ауданның тұрғындарында да әруақтар мен түрлі рухтарға байланысты қорқыныш жоқ.