Қоғам

Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасыларға 285 пәтер беріледі

Құжат қабылдау 27 маусым күні басталып, 27 шілдеге дейін жалғасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасылар арасында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталады, деп хабарлады елорданың тұрғын үй орталығы.

"Бағдарламаға "Көпбалалы отбасылар" санаты бойынша баспана кезегінде тұрған азаматтар ғана қатыса алады. Егер көпбалалы отбасы бола тұра, басқа санат бойынша кезекте тұрса, бағдарламаға қатыса алмайды", - дейді орталық мамандары.

Пәтерлердің жалпы саны: 285.

Барлығы екі бөлмелі, ауданы: 53,4-57,7 шаршы метр.

Орналасқан жері: Қордай көшесі, 79 ,79а және Абылай хана, 56 және 56а көшесі.

Құжат қабылдау 27 маусым күні сағат 00:00-де басталып, 27 шілде сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

"Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтінішті барлық жылдардағы (2006-2021) кезекте тұрған азаматтар бере алады, алайда қатысуға өтініш берген кезекте тұрғандар арасынан алдымен кезекке ерте тұрғандар өтеді", - деп атап көрсетті мамандар.

Өтініш беру тәртібі:

  1. ЭЦҚ кілті;
  2. Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
  3. Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
  4. Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
  5. Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
  6. Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
  7. Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.

Өтініштерді қарау нәтижесі zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында, сондай-ақ, тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Депутаттар жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды ұсынды

Айта кетейік, жалдамалы пәтерлер 5 жылға беріледі. Оны жеке меншікке сатып алуға рұқсат жоқ.