Елорда тынысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан әкімдігін тексеруді бастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство елорда әкімдігінің құқықтық базасын және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін егжей-тегжейлі тексереді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері елорданың қалалық және аудандық әкімдіктерінде, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тексеруді және сыртқы талдауды бастады.

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысына тапсырма берді
Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов атап өткендей, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлерінің назарына жиі ілігеді.

"Осы жылдың бес айында ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдік қызметкерлері жасаған 92 сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықты тіркеді, 76 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді ол.

Бектенов сондай-ақ, қылмысы ашылғандардың қатарында қарапайым қызметкерлер ғана емес, орта буын басшылары да  болғанын атап өтті: түрлі деңгейдегі жеті әкім және олардың орынбасарлары, сондай-ақ 14 облыстық басқарма басшылары жауапқа тартылған.