Қоғам

Алматыда жыл аяғына дейін екі метро бекеті іске қосылады

3,1 шақырым метро желісі Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Момышұлы көшесіне өтеді
Sputnik

АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Метро құрылысының қарқынына пандемия елеулі әсер етті. Соның салдарынан жұмыс баяулады, алайда жыл соңына дейін екі бекет іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

"Ұзындығы 3,1 шақырым метро желісін қамтитын "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерінің құрылыс жалғасып жатыр. 80%-і дайын тұр. Жыл соңына дейін трафикті тест режимінде іске қосу жоспарланып отыр", - деді Бақытжан Сағынтаев.

3,1 шақырым метро желісі Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Момышұлы көшесіне өтеді.

Қала әкімінің сөзінше, қазір бекеттерді ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру, сыртқы және ішкі инженерлік желілер мен автоматика жүйелерін жабдықтау, сигнал беру және байланыс, технологиялық жабдықты орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда екі халықаралық емхана салынады

Сондай-ақ қаланың дамуын ескере отырып, батыс бағытта халықаралық әуежайға қарай, солтүстік және оңтүстік бағытта метрополитен салу жобалары қарастырылып отыр.

Айта кетейік, екі бекет іске қосылса, онда жолаушылар ағыны тәулігіне 86 мың адамға артады.