Оқиға

Алматыда Lada темір қоршауға соғылды: жүргізуші зардап шекті

Негізгі соққы жүргізушіге келді, ол түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым - Sputnik. Төле би көшесіне жетпей шығыс айналма жолында ірі жол апаты болды. Автокөлік жүргізушісі жол бойындағы темір қоршауды бұзып өтті.

Алматыда Lada темір қоршауға соғылды: жүргізуші зардап шекті

Куәгерлердің айтуынша, Lada Samara көлігі оңтүстік бағытта кетіп бара жатады. Төле би көшесіне жетпей, белгісіз себептерге байланысты жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Көлік бордюрге соқтығысып, содан кейін Lada Samara жылдамдықпен темір қоршауға соқтығысады. Осындай соққыдан кейін көлік құрылыс алаңына шығып кетіп, тұрақта тұрған Mercedes E көлігіне соғылады.

Алматыда Lada темір қоршауға соғылды: жүргізуші зардап шекті

Көмекке келген куәгерлер жүргізушіні көліктен алып шықты. Жүргізушінің жамбас сүйектері сынып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.